Астанада журналист Лұқпан Ахмедияровты ұстады

Журналист Лұқпан Ахмедияров өзін Астанада полиция қызметкерлері ұстағанын хабарлады. Журналист ұсталған сәтте instagram парақшасында тікелей эфирге шығып үлгерген.
Журналист полиция қызметкерлері ештеңе түсіндірместен, күштеп көлікке отырғызып, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанын айтқан.
Ол өзінің ұсталуын 14 қазақстандықтың ақша табу мақсатымен Ресейге барып, соғысқа қатысуға мәжбүрленгені туралы жазбасымен байланыстырады. Оның айтуынша, Қазақстанның Қазандағы консулдығы бұл ақпаратты терістеп, шындыққа сай емес деп мәлімдеген.
Толықтыру: Журналист Лұқпан Ахмедияровты Астана қаласы Полиция департаментіне алып кеткені белгілі болды. Ол қылмыстық істе қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылған. Бұл туралы оның әріптесі Рауль Упоров айтты.