Prada Versace брендін сатып алу бойынша түпкілікті келісім жасады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Prada Versace брендін сатып алуға түпкілікті келісім жасады
Prada Versace брендін сатып алу бойынша түпкілікті келісім жасады/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Capri Holdings Limited компаниясы Versace брендін Prada компаниясына 1,375 миллиард долларға сату бойынша түпкілікті келісімге қол қойғанын жариялады.

Бұл сома белгілі бір түзетулерге байланысты өзгеруі мүмкін екені айтылды. Келісім 2025 жылдың екінші жартысында аяқталады деп күтіліп отыр.

Capri Holdings төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Айдол италиялық брендті соңғы алты жыл ішінде қайта позициялау бойынша үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Біз оның сән-салтанатты мұрасын және шеберлігін алдыңғы қатарға шығардық. Өнім сапасы, маркетинг және дүкендердің жақсаруы нәтижесінде, бүгінде бренд ұзақ мерзімді тұрақты өсімге дайын. Біз Prada Group Versace-ді келесі даму кезеңіне алып шығуға ең қолайлы компания деп сенеміз» – деді ол.

Capri Holdings брендті сатқаннан түсетін капиталды инвестиция салу, қарызды азайту, акцияларды болашақта кері сатып алу мақсаттарына пайдаланатынын жеткізді.

Италиядағы ең танымал қос бренд біріккелі жатқаны наурыз айында хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз