Шерзат ісі: Сотталушылар Шерзаттың жүрек тұсына, басына пышақ сұққан, мылтықпен ұрған

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Шерзат ісі: Сотталушылар Шерзаттың жүрек тұсына, басына пышақ сұққан, мылтықпен ұрған
Шерзат ісі: Сотталушылар Шерзаттың жүрек тұсына, басына пышақ сұққан, мылтықпен ұрғанКоллаж: KursivMedia,

Шерзат Полаттың ісінде прокурор айыптау актісін оқып, 2024 жылғы қазанның 3-інен 4-іне қараған түнгі қанды оқиғаны баяндап берді. Айыптау актісіне сай, сотталушылар Шерзаттың ғана өлімімен шектелуді ойламаған. Прокурордың сөзінше, айыпкерлер Нұрғанат Ғайыпбаевты да өлтіргеніне сенімді болған.

Топтық төбелес жалғасып жатқан кезде төбелеске қатысушы Шынасыл дүкеннің сол жақ бұрышында Ғайыпбаевты және Полатты көріп, соңғыны Әскентайға дене жарақатын келтірген адам ретінде, Ғайыпбаевты оның жақтасы ретінде көріп, олардан кек қайтару үшін екі немесе одан да көп адамды өлтіру мақсатымен, алдын ала дайындап әкелген сабы қоңыр түсті ас пышағын қару ретінде пайдаланып, оларды қасақана қазаға ұшырату қылмыстық ойы туындаған» – делінген прокурор оқыған айыптау актісінде.

Оның айтуынша, Шынасыл 00:42-де анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрек тұсына өзімен әкелген пышақты сұғып алған. Шерзат алған жарақатынан отырып қалған. Оны анасы Бишембиева көріп, ұлына қарай бармақшы болғанда сотталушылар Ілиясов пен Шынасыл оны жібермей қояды. Осы кезде Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзаттың «Нұрқанат аға, менің ішіме бірдеңе сұғып алды» деген дауысын естиді де Шерзатқа барып, жедел жәрдеп шақыруды сұрап, «скорый, скорый» деп айқайлайды.

Ары қарай Әскентай, Тоқтаубаев, Ілиясов, Сәкиев, Шынасыл Нұрқанат пен Шерзатқа қарай барады. Ол жерге оларға бұрын Шерзаттың анасы жетіп, баласын құшақтап алады.

«Осы кезде Белқожаев Полаттың басынан теуіп, бәкі пышағының сабымен Полаттың басынан бірнеше соққы жасаған. Ал Ілиясов аңшы мылтығының дүбімек Полаттың басынан ұрады, бірақ соққы Бишембиеваның оң қолына тиеді. Ілиясов онымен шектелмей, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевты бірнеше рет ұрады. Осы уақытта Әскентай, Тоқтаубай, Белғожаев, Ілиясов, Тәкиев және Шынасыл Ғайыпбаев пен Полатты ұрып соққан» – дейді прокурор.

Мұнан соң Шынасыл мен Сакиев Нұрқанат Ғайыпбаевтың жамбасына үш пышақ жарақатын салған. Осының салдарынан Ғайыпбаев есінен танып, өмірлік белгілерінсіз қозғалмай жатып қалған. Оны көрген Шынасыл мен Сакиев Ғайыпбаевты өлтірдік деп ойлаған.

Бүгін Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша алдын ала сот өткен.

«Адам өлтіру», «бұзақылық», «қорқыту» және «қылмыс туралы хабар бермеу» фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның ішінде 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы бар. Іске қосымша сегіз видеоматериал тіркелген.

Іс бойынша о баста 11 күдікті делінгенімен, айыптау актісінде кұдікті ретінде 9 адам келтірілді.

Оның ішінде екі айыпкер – Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевке «Адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-баптың 3-бөлігі) және «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі) деген ауыр баптар бойынша айып тағылған. Азамат Тоқтаубаев «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі) және «Ұрлық» (188-баптың 1-бөлігі) күдігімен айыпталса, қалған айыпкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентаев, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет және, Нұрбол Тоқтаубаев «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі) бойынша күдікті деп танылған.

Ендігі сот отырыстары 2025 жылғы 17-18 сәуірде 10:00-де өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз