Бір жылда басшысы бірнеше рет ауысқан Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа директор тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
 Қуаныш Бишімов басқарады.
Фото: «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Атырау мұнай өңдеу зауытының («АМӨЗ» ЖШС) басшысы ауысты. Зауытты енді Қуаныш Ердәулетұлы Бишімов басқарады. Бұл шешім серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған.

Қуаныш Бишімов бұған дейін кеден саласында, сондай-ақ бірнеше министрлікте жұмыс істеген. Әр жылдары «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның директоры, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары және «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Соңғы уақытта ол Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болды. Енді Атыраудағы зауыттың жұмысын жандандыру – оның басты міндеті болмақ.

Қуаныш Бишімовке қойылған негізгі талаптар қатарында өндірістің тиімділігін арттыру, сапалы мұнай өнімдерінің көлемін ұлғайту, экологиялық жобаларды жүзеге асыру және өндірістегі қауіпсіздікті күшейту бар. Сонымен қатар 2025 жылы жоспарланған жөндеу жұмыстары да жоғары деңгейде атқарылуы тиіс.

Жусанбаев жайы

Айта кетейік, бұрынғы бас директор Ғалымжан Жусанбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жусанбаев бұл қызметке 2024 жылдың басында тағайындалған еді. Оған дейін бизнесмен Тимур Құлыбаевқа қатысы бар компанияның топ-менеджері болған.

Алайда бір ай өтер-өтпестен зауыт ұжымымен келіспей, жұмыстан шығарылып, орнына Абзал Досжанов келген болатын. Бірақ Жусанбаев жұмыстан заңсыз щығарды деп шағымданып, сот арқылы қыметіне қайта келген еді.

Осы уақытта зауытта бірнеше рет оқыс жағдай болып, зауытта автобензин төгілді.

АМӨЗ 1945 жылы салынып, пайдалануға берілді.   99% акциясы «Қазмұнайгазға» тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз