«ҚазМұнайГаз» шығынға батқан еншілес ұйымындағы үлесін ресейлік компанияға сатқан

«ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясы (ҚМГ) «Полимер Продакшн» компаниясындағы үлесін иелігінен шығарды. Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған. Соған сәйкес, «ҚазМұнайГаз» еншісінде компанияның 40 пайзы акциясы қалды.
E-gov сайтындағы деректерге сәйкес, қазір компанияның екі акционері бар. Біріншісі – «ҚазМұнайГаз» болса, екіншісі – ресейлік «Сибур Холдинг» компаниясы. Атырау облысындағы «Қаратабан» өндірістік аймағында жұмыс істейтін компания 4 сәуірде қайта тіркеуден өткен.
Ал 2025 жылдың 1 сәуірінде компанияның жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» компаниясы болған. Қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған жарғысында, компанияның 40 пайыз үлесі – «ҚазМұнайГазға» тиесілі болса, 60 пайызын «Сибур Холдинг» иеленетіні жазылған.
Ресейдің «Сибур» холдингінің тағы қазақстандық компанияда үлесі бар. 2024 жылы «Самұрық Қазына» қорының еншілес компаниясы ресейліктерге Атырау полипропилен зауытындағы үлесін сатқан. Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз», «СИБУР» және Sinopec компаниялары Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салуға келісті.
Компанияның қаржы есебіне сәйкес, 2022 жылы ол 10,7 млрд теңге, ал 2023 жылы 5,7 млрд теңге шығынға ұшыраған.
«Полимер Продакшн» ЖШС 2012 жылы құрылған. Ол Қазақстан мен Орталық Азиядағы полипропилен қап пен пленка шығаратын алғашқы ірі кәсіпорын болды.