Жоғарғы судья Нұрғазы Әбдіқанов қызметінен босады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жоғарғы судья Нұрғазы Әбдіқанов қызметінен босады / Фото: Сенат

Сенат депутаттары Нұрғазы Әбдіқановты Жоғарғы Судья қызметінен босату туралы қаулыны мақұлдады.

Мемлекет басшысының ұсынуымен Сенат депутаттары Жоғарғы Сот судьясы Нұрғазы Әбенұлы Әбдіқановты қызметінен босатуға дауыс берді.

«Судья зейнет жасына жетті. Сот істерінде тәжірибесі мол. Осы салада 27 жыл қызмет етті. Осыған орай, мемлекет басшысының ұсынысын қабыл алып, Нұрғазы Әбенұлы Әбдіқановты отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы судья қызметінен босатуды сұраймын», – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов.

Депутаттар қаулыны қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз