Прокуратура Шерзат Полаттың үйін кім өртегенін Ресей спутнигі арқылы анықтайды
Жарияланды

Прокуратура Шерзат Полаттың үйін кім өртегенін Ресей спутнигі арқылы анықтайды . Бұл туралы Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі рет сараптама жүргізілді. Бұл сараптамалар арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта жұмыстар сәл тоқтап қалды. Себебі біз Біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу бойын сұрау жібердік. Біз Ресей спутнигі арқылы өрт болған уақыттарда жақын маңда қандай көліктер тұрғанын көргіміз келеді. Толық зерттеу үшін біраз уақыт керек болады», – деді прокуратура өкілі.
Еске сала кетсек, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот өтеді.