Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың онлайн көрсетілімі (видео)

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі енді Жоғарғы соттың Youtube-арнасында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Бұл туралы Талдықорғандағы соттан тікелей хабар таратып жатқан KursivMedia тілшісі хабарлады.
10 сәуірде өткен алдын ала сот отырысында судья Ержан Жанұзақов істі ашық өткізу, Жоғарғы сот Youtube және Telegram арнасында тікелей эфир жүргізу туралы шешім қабылдаған.
10 сәуірде Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың қазасына қатысты іс бойынша соттың алдын ала тыңдауы белгіленген.
«Адам өлтіру», «бұзақылық», «қорқыту» және «қылмыс туралы хабар бермеу» фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді Алматы облысының полициясы тергеді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның ішінде 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы бар. Іске қосымша сегіз видеоматериал тіркелген.
Жәбірленуші тараптың мүддесін сотта адвокат Мейірман Шекеевтің кеңсесі қорғайды. Оған Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ыбраев, Бағдат Амандосұлы және Бекзат Мязов сынды адвокаттар көмектеседі.
Судья Жанұзақов сот залынан әлеуметтік желілерде тікелей эфирде жүргізуге тыйым салды. Бұған қоса, соттан ақпарат таратып отырған журналистерге сотталушылардың суретін, видеосын түсіруге, таратуға тыйым салды. Сот процессінің өзге қатысушыларын түсіруге рұқсат берілді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда бірнеше сот процессі онлайн түрде Жоғарғы сот Youtube-арнасында көрсетілген. Алғашқы болып Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процессі көрсетілді. Экс-министр Қуандық Бишімбаевпен, оның туысы Бақытжан Байжановқа үкімді сот тікелей эфирде шығарған.