Шерзаттың сотына 300-ден аса адам қатысады. Олар кімдер?

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Шерзаттың соты бірнеше айға созылуы мүмкін / фото: Kursiv.Media, Сергей Головня

Тоғыз сотталушы, төрт жәбірленуші, 17 адвокат, оннан аса азаматтық қорғаушы және жүздеген куәгер. Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сотқа барлығы 300-ден аса адам қатысады. Олар кімдер? Kursiv.Media оқырманға ірі соттың басты кейіпкерлерін таныстырады.

Судья туралы мәлімет

Сотқа судья Ержан Жанұзақов төрағалық етеді. Ол 2023 жылдың аяғында  Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған. ІІМ Академиясын тәмамдаған соң, сегіз жыл тергеуші болған. Сот төрағасы болғанға дейін 12 жыл бойы қылмыстық істер сотында судья қызметін атқарған тәжірибелі маман.

15 жылға жуық уақыт сотқа төрағалық еткен Ержан Жанұзақов / фото: KursivMedia, Сергей Головня

Мемлекеттік айыптаушылар

62 томнан тұратын ірі қылмыстық іс болса да, сотқа Алматы мен Жетісу облыстарынан екі прокурор ғана қатысады. Олар:

Ержан Құрақбаев – Алматы облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы;

Дана Сәрсенбай – Жетісу облысы, Талдықорған қалалық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры.

Прокурорлар / фото: KursivMedia, Сергей Головня

Жәбірленушілер

Сотқа төрт адам жәбірленуші ретінде қатысып жатыр. Олар:

  • Қаржаубай Нұрымов – марқұм Шерзаттың әкесі;
  • Гүлбара Бейшембиева – Шерзаттың анасы;
  • Жұмабике Қадырова – Шерзаттың әжесі;
  • Марқұмның досы Алдияр Махметтің заңды өкілі – Әйгерім Мұқатаева.
Қаржаубай Нұрымов пен анасы Жұмабике Қадырова / фото: KursivMedia, Сергей Головня

Жәбірленуші өкілдері

Сотта жеті заңгер жәбірленушінің өкілі ретінде тіркелді. Олар:

  • Адвокат Мейірман Шекеев;
  • Адвокат Жандос Палманов;
  • Адвокат Бекзат Миязов;
  • Адвокат Әлім Мұстапаев;
  • Адвокат Дина Досаева;
  • Заң жөніндегі кеңесші Бағдат Амандосұлы;
  • Заң жөніндегі кеңесші Нұрболат Ыбраев.

Тоғыз сотталушы

Алматы облысының полициясы тергеген қылмыстық істе тоғыз адамға айып тағылған. Олар:

  • Абзал Шынасыл (ҚК 99-бап 2-б – «Адам өлтіру»; 24-бап 3-б – «Адам өлтіруге оқталу»; 293-бап 3-б – «Бұзақылық»);
  • Равиль Сакиев («Адам өлтіру», «Адам өлтіруге оқталу», «Бұзақылық»;
  • Азамат Тоқтаубаев («Бұзақылық», 188-бап 1-б – «Ұрлық»);
  • Нұрбол Тоқтаубаев («Бұзақылық»);
  • Шыңғыс Белғожаев («Бұзақылық»);
  • Дархан Әскентай («Бұзақылық»);
  • Нұрқияс Ілиясов («Бұзақылық»);
  • Дидар Қалияхмет («Бұзақылық»);
  • Думан Ысқақ (434-бап «Қылмыс туралы хабарламау»).

Судья сотталушылардың суреттерін жариялауға тыйым салды.

Сотталушылардың адвокаттары / фото: KursivMedia, Сергей Головня

Айыпталушылардың адвокаттары

Тоғыз сотталушыны 10 адвокат және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің екі заңды өкілі қорғайды. Олар:

  • Адвокат Гүлмира Бабажанова – Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевтардың мүддесін қорғаушы;
  • Адвокат Жұмат Әбенов – Абзал Шынасылдық мүддесін қорғаушы;
  • Адвокат Мәди Бөленбаев – Равиль Сакиевтің мүддесін қорғаушы;
  • Адвокаттар Дауылбай Сүлеев пен Марғұлан Сәдібеков – екеуі Шыңғыс Белғожаевтың мүддесін қорғайды;
  • Адвокат Антай Қалиева – Дархан Әскентайдың мүддесін қорғаушы;
  • Адвокат Нұрлан Қилыбаев – Нұрқияс Ілиясовтың мүддесін қорғаушы;
  • Адвокаттар Гаухар Баймұханова мен Алмас Мырқасымбаев – екеуі Дидар Қалияхметтің мүддесін қорғайды;
  • Адвокат Жалқын Қабылов және кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақтың заңды өкілдері – Эльмира Отарбаева мен Қайдар Отарбаев.

Бұған қоса тағы 11 адам айыпталушылардың азаматтық қорғаушысы ретінде сотқа тіркелген.

Сотқа қатысушылардың кейбірі көпшілікке көрінгісі келмейді / фото: KursivMedia, Сергей Головня

Шерзаттың сотына тағы кімдер қатысады

Сонымен бірге қылмыстық істі тергеу барысында 200-ге жуық куәгерден жауап алынғаны мәлім. Олардың бірқатары сотқа куәгер ретінде шақыртылады.

Тағы бірнеше сарапшы маман сот процесіне қатысуы мүмкін. Себебі қылмыстық істі тергеу барысында 40 сот сараптамасы жасалған.

Алдын ала сот тыңдауына 50 шақты БАҚ өкілі тіркелгенін ескерсек, сот процесіне қатысушылардың жалпы саны 300-ден асып кетеді. Сот процесіндегі тәртіпті қадағалап жүрген полиция қызметкерлері, кинологтар, жедел жәрдем өкілдері мен айдауылдар тағы бар.

Сотта қара маскалы арнайы жасақ өкілдері де жүр / фото: KursivMedia, Сергей Головня

Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде Талдықорғанда өтті. 17 сәуірде сағат 10-да сот талқылауы басталады. Шерзат соты аптасына екі рет – бейсенбі және жұма күндері өтіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз