Автонесиелеу саласында пайыздық мөлшерлеме айтарлықтай төмендеген

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Автонесиелеу саласында пайыздық мөлшерлеме айтарлықтай төмендеген
Автонесиелеу саласында пайыздық мөлшерлеме айтарлықтай төмендеген/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда автонесиелеу сегментінде пайыздық мөлшерлеме айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бөлшек несие нарығына жасаған шолуында айтылады.

Қауымдастық мәліметінше, бөлшек несие беру нарығы қарқынды өсуді жалғастырып жатыр. Бұл халық табысының артып, тұтынуға жұмсайтын шығынның көбейгенін көрсетеді.

Мысалы, 2024 жылы халықтың номиналды табысы 13,3%-ға өскен. Бұл өз кезегінде несиеге алынатын тұтыну тауарлары мен қызметтерге сұранысты ынталандырған.

Қауымдастық сарапшылар шолуда автонесиелеу сегментінде пайыздық мөлшерлемелердің айтарлықтай төмендегені байқалып отырғанын атап өткен.

«Бұл клиент үшін бәсекелестіктің күшеюімен, автосалондардың маркетингтік науқандарымен және бірқатар жеңілдікті өнімдердің ұсынылуымен байланысты» деп түсіндіріледі бұл тенденция.

Сондай-ақ соңғы үш жылда мақұлдау үлесі тұрақты түрде тек автонесиелеу сегментінде өсіп жатқаны аңғарылған Бұл көрсеткіш 2022 жылы – 11%, 2023 жылы – 16%, 2024 жылы – 17% болған.

Мұны сарапшылар бәсекелестіктің күшеюі, ЕДБ мен автосалондар арасындағы серіктестік, өндірушілер мен дилерлердің тиімді ұсыныстары нәтижесінде мүмкін болғанын атап өткен.

Қазіргі уақытта автосалондар 4%-дық автонесиелеу бағдарламалары туралы жиі жарнама жасайтын болған. Алайда мұндай ұсыныстардың бәріне бірдей жалпақ жұрт қол жеткізе алмайды. Әр салонның шарттары әртүрлі.

Сондай-ақ оқыңыз