Джей Лоның концертіне билеттер ОЛХ арқылы он есе қымбатқа сатыла бастады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Джей Лоның концертіне билеттер ОЛХ арқылы он есе қымбатқа сатыла бастады
Джей Лоның концертіне билеттер ОЛХ арқылы он есе қымбатқа сатыла бастады/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

1 тамызда Астанада өтетін әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билеттер хабарландыру сайты арқылы сатыла бастады.

ОЛХ сайтында «Жәнібек» есімімін тіркелген қолданушы фан-зонаға билет сататыны туралы хабарландыру салған.

Ол билетті қолдан алып кетуге болатынын айтып, билеттің сатып алынғаны туралы чекті көрсететініне сендіреді.

Бағасы 400 мың теңге.

Тағы бір қолданушы фан-пасстар мен билеттер сататынын туралы хабарландыру берген.

Бұл қолданушы билеттерді 50 мың теңгеден, фан-пассты 100 мың теңгеден саудалап жатыр.

Хабарландыру авторлары алып-сатарлар екені де, жағдайды пайдаланғысы келетін алаяқтар екені де белгісіз. Kursiv.Media Джей Лоның концертке билетті қолдан алғысы келетіндерге алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Бұған дейін концерт ұйымдастырушылары кеш билеті 40 мың теңгеден басталатынын айтқан.

Әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылғы 1 тамызда Up All Night әлемдік туры аясында «Астана Аренада» концерт береді.

Сондай-ақ оқыңыз