«Қазақстанның Даму Банкі» аудиторлар палатасының сынына жауап берді

«Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Жоғарғы аудиторлық палатаның сынына қатысты ресми түсініктеме берді.
Банктің мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері уәкілетті органдар бекіткен қаржы-экономикалық негіздемеге толық сай келеді.
Бұл мөлшерлеме салалық министрліктер тарапынан бекітілетін шекті ставка шеңберінде қалыптасады. Олар бюджет және нарықтан тартылатын қаражат үлесі мен банктің кредиттік рейтингтеріне сүйеніп есептеледі.
Сонымен қатар Жоғарғы аудиторлық палата тексеріс барысында қандай да бір заң бұзу анықтаған жоқ деп тұжырымдайды.
«Банк мемлекеттік бағдарламалардың операторы ретінде бюджеттен әрбір 1 теңгеге (0,15%) бюджеттен тыс көздерден – ішкі немесе халықаралық капитал нарықтарынан (16%-дан астам) кемінде 1 теңге тартады. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл пропорция айтарлықтай артты: бюджет қаражатының әрбір 1 теңгесіне нарықтан тартылған 3 теңге сәйкес келді», – делінген хабарламада.
Нарықтық қаражат есебінен банктің өзіне түсетін сыйақы мөлшері де жоғары. ҚДБ-ның мәлімдемесіне сәйкес, қаржы ұйымы пайда табуды мақсат тұтпайды. Яғни қарыз алушыдан алынатын сыйақы мөлшерлемесі тек банктің шығынын жабуға жеткілікті деңгейде болуы тиіс.
Аудиторлық палата не деді?
10 сәуірде Жоғары аудиторлық палата «Қазақстанның Даму Банкі» кейбір компанияларға арзан несие беріп келгенін хабарлады. Енді палата ұсынған ұсыныстарға сәйкес, ҚДБ барлық қарыз алушы компания үшін жылдық 7% мөлшеріндегі бірыңғай, тұрақты сыйақы мөлшерлемесін бекітпек.
Сонымен қатар палата бюджеттен несие шарттарын қайта қарауды ұсынды. Себебі бұл мөлшерлемеде шамамен 73 есе айырма бар. Банк бюджет қаражатын 0,15% мөлшерлемемен тартып, кейін оны 9–11% мөлшерінде қарызға берген.