Жеңістің 80 жылдығына орай Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына жаңа атақ беріледі

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Астана, Алматы, Караганда
Астана, Алматы, Қарағанды жеңістің 80 жылдығына орай атақ беріледі / коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Дастан Шанай

Жеңістің 80 жылдығына орай Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына жаңа атақ беріледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ТМД елдерінің бірқатар қаласына, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім шығарылды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Мұндай шешім Алматыда өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданған. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары бұл жиында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Достастық шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылаған. Тараптар ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді де талқыға салған.

Ендігі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 2025 жылғы қазан айында Душанбе қаласында ұйымдастырылады. Бұл отырыстан кейін, ТМД Мемлекет басшылары саммиті өтеді.

Айта кетейік Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада әскери парад өтеді. Бұл парадқа 2,5 млрд теңге бөлінеді.

Сондай-ақ оқыңыз