Мемлекеттік кеңесші өңірлерде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ерлан Қарин балалар қауіпсіздігіне мән беруді тапсырды / Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдерінің және министрліктердің лауазымды өкілдерімен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәселесіне қатысты жиын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті. Басқосуға Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, Бас прокуратураның басшылығы және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты», –

Қарин Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның бала құқықтарын қорғауға қатысты баяндамасын тыңдаған.

Мемлекеттік кеңесші әр аймақ басшылықтарына балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне баса мән беріп, тұрақты бақылауға алуын тапсырған. Қариннің тапсырмасына сәйкес жергілікті әкімдіктер бала қауіпсіздігіне қатысты осындай жиындарды тұрақты түрде өткізіп тұруы керек.

Сондай-ақ оқыңыз