Siemens басшысының тікұшағы Гудзон өзеніне құлап, отбасымен бірге қаза тапты

Siemens филиалының басшысы Агустин Эскобар Гудзонға құлаған тікұшақ апатында қайтыс болды. Тікұшақта оның әйелі мен бала-шағасы болғаны айтылады. Бұл туралы ABC News басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, тікұшақта апат кезінде Агустин Эскобар, оның әйелі Мерсе Кампруби Монталь және олардың 4, 5 және 11 жастағы балалары, сондай-ақ 36 жастағы ұшқыш болған. Олардың барлығы апаттан аман қалмаған.
Апат 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 15:17-де болған. Тікұшақ Нью-Джерси штатындағы Хобокен қаласындағы Ривер Драйв жағасының маңында болған. Тікұшақ әуеге көтерілген соң, 15 минуттан кейін құлаған. Ол Уолл-стриттегі тікұшақ алаңынан көтеріліп, Гудзон өзеніндегі Джордж Вашингтон көпіріне дейін жеткенде, апатқа ұшыраған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Тергеу анықтап жатыр.
Бұл қайғылы оқиғадан кейін, Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс брифинг ұйымдастырып, Эскобардың отбасы мен бортта қазақ тапқандардың жақындарына көңіл айтты.