Полиция Лұқпан Ахмедияровты босатты, бірақ тергеу әлі жалғасады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Лұқпан Ахмедьяров
Лұқпан Ахмедияров тергеушінің өзіне өрескел мінез көрсеткенін мәлімдеген / Фото: Рауль Упоров

Полиция журналист Лұқпан Ахмедияровты босатты. Бірақ журналистен сұрақ алу процедурасы әлі де жалғасады. Бұл туралы оның әріптесі Рауль Упоров өзінің Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

Упоровтың айтуынша, Ахмедьяровты қолдауға полиция ғимаратының алдына бірнеше адам жиналып, журналисті босату талап еткен. Алайда полиция оларды қоғамдық тәртіпті бұзды деп ұстап алып кеткен.

Лұқпан Ахмедияров полиция ғимаратының алдында өзін күтіп алған журналистерге полицияның көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын растаған. Сонымен бірге тергеушінің сұрақ-жауап барысында өзіне және қорғаушысына өрескел мінез көрсеткенін айтқан.

Айта кетсек, Лұқпан Ахмедияров өзін Астана қаласының полиция қызметкерлері ұстағалы жатқанын instagram парақшасының тікелей эфирінде хабарлаған. Журналист тікелей эфирде полиция қызметкерлерінің ештеңе түсіндірмегенін, күштеп көлікке отырғызып алып кеткенін айтқан. Көп ұзамай Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистің Қылмыстық кодекстің 274-бабы, көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз