Тоқаев Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашуды тапсырды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашуды тапсырды / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашуды тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін, 11 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар барысында мемлекет басшысы «Shymkent City» саябағына барды, сауда-логистикалық орталығы мен ауыл-шаруашылық көрмесін аралады. Содан кейін Конгресс-холда жиналған өңір халқымен кездесіп, Шымкент қаласының даму барысына тоқталып, атқарылған іс-шараларды жақсы бағалады.

Сондай-ақ оқыңыз