Қазақстандағы қонақүйлер 2024 жылы 300 млрд теңгеге қызмет көрсетті

Қазақстандағы қонақүйлер, демалыс базалары, хостелдер мен орналастыру орындары былтыр жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
Туризм индустриясы комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Бір жыл бұрын қызмет көлемі 229 млрд теңге болған еді.
Сұраныс қалай өсті?
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылы елдегі орналастыру орындарының саны 311 нысанға көбейіп, 4 303-ке жеткен. Сонымен қатар біржолғы төсек-орын саны 18 мыңға артып, 226 мыңнан асқан.
Бұл — туристік инфрақұрылымның дамып келе жатқанын және ішкі туризмге деген сұраныстың өсіп отырғанын көрсетеді. Қазақстандағы қонақүйлер саны мен табысының артқаны сондықтан.
Қай қала алда?
Қызмет көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңірлер:
Алматы қаласы – 96,3 млрд теңге
Астана қаласы – 65,7 млрд теңге
Ақмола облысы – 27,7 млрд теңге
Маңғыстау облысы – 18,5 млрд теңге
Шымкент қаласы – 11,3 млрд теңге
Бұған не себеп?
Сарапшылардың пікірінше, мұндай өсімге ішкі туризмнің дамуы, инфрақұрылымға салынған инвестиция мен ірі қалалардағы іскерлік белсенділік әсер еткен.
Мұның алдында Қазақстанға келген шетелдік туристердің бір күнде қанша доллар жұмсайтынын есептеген едік.