Тоқаев «Барыс» хоккей клубына қатысты ата-аналардың үндеуіне жауап берді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
ДЮШС Барыс
«Барыс» хоккей клубының 2025/26 жылғы маусымда Ресей біріншілігіне қатысуы қамтамасыз етілмек / instagram.com/hc_barys2011_official/

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» хоккей клубының жасөспірімдер командаларында жаттыққан балалардың ата-аналарынан түскен үндеуге жауап берді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Ата-аналар хатта Қазақстандағы балалар хоккейінің болашағына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені клуб басшылығының әрекетсіздігіне байланысты туындаған қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтармен байланыстырған. Сонымен қатар олар Президенттен жағдайға тікелей араласуын сұраған.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, «Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерінің 2025/26 жылғы маусымда Ресей біріншілігіне қатысуы қамтамасыз етілмек.

Хатта көтерілген мәселелердің барлығы, соның ішінде клубтың отандық және шетелдік ойыншыларға, бапкерлер құрамына және басқа ұйымдарға қатысты қаржылық міндеттемелері бюджет шығындарын оңтайландыру есебінен шешілді.

Клубтың қаржылық жағдайының нашарлауына себеп болған лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Шымкентке жұмыс сапарымен барған президент жаңа әуежай терминалымен танысқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз