Шымкентке жұмыс сапарымен барған президент жаңа әуежай терминалымен танысты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Президент жұмыс сапарымен Шымкентке келді / Фото: Акорда, бильд-редактор: Милош Муратовский

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Мемлекет басшысы бірінші кезекте қаланың жаңадан салынған әуежай терминалына ат басын бұрған. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жаңа терминал президенттің қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған. Заманауи әуе айлағының құрылысына жеке инвестордан 24 млрд теңге қаражат тартылған.

Әуежайға жеке инвестордан 24 млрд теңге қаражат тартылған / Фото: Ақорда

Бұл әуежайдың Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастырудағы рөлі зор. Жаңа терминал өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін арттыруға мүмкіндік беріп, Еуропа мен Азия елдеріне жаңа рейстер ашуға мүмкіндік бермек.

Жаңа әуежай терминалы Еуропа мен Азия елдеріне жаңа рейстер ашуға мүмкіндік береді / Фото: Ақорда
Сондай-ақ оқыңыз