
Америкалық әнші Дженнифер Лопес (Jennifer Lopez) «Up All Night» атты әлемдік туры аясында Қазақстанда концерт өткізбекші. Шоу 2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Astana Arena стадионында өтеді. Бұл әншінің Орталық Азиядағы жалғыз концерт болмақ. Kursiv.Media Ресей мен Қырғызстандағы оқырмандар үшін Лопестің концертіне баратын маршрутты ұсынады.
Ресейден Астанаға қалай жетуге болады?
Ұшақпен
Астанаға тікелей рейстер Мәскеуден (Аэрофлот, Scat), Санкт-Петербургтен (Scat), Екатеринбургтен (Red Wings), Новосібірден (S7, Qazaq Air), Омбыдан (Qazaq Air), Минералные Воды (Red Wings) және басқа қалалардан бар. Сондай-ақ Алматы, Минск, Баку, Ыстанбұл немесе Дубай арқылы ауысып ұшуға болады.
Пойызбен
Астанаға Мәскеу, Уфа, Челябі бағытындағы (084*Й Мәскеу-Қарағанды), Қазан мен Екатеринбургтен (№114Ц Қазан–Алматы), Омбыдан (145Н Омбы-Қарағанды) жүретін пойыздармен жетуге болады.
Қырғызстаннан Астанаға Дженнифер Лопестің концертіне қалай баруға болады?
Ұшақпен
Бішкектен Астанаға тікелей рейстерді FlyArystan компаниясы орындайды. Ұшу уақыты – 1 сағат 40 минут. Билеттер бағасы 110 доллардан басталады. Алайда шілде айының соңына арналған билеттер әлі сатылымда жоқ.
Air Astana компаниясы арқылы Астанаға Алматы арқылы ауысып ұшуға болады. Рейстер Бішкек пен Ош қалаларынан орындалады. Билеттер құны 130 доллардан басталады.
Пойызбен
Қырғызстаннан Астанаға тікелей пойыздар жоқ. Дегенмен Шымкент немесе Шу арқылы жетуге болады.
Астанада қайда тоқтауға болады?
Астанада хостелдер мен апартаменттерден бастап люкс қонақүйлерге дейін түрлі орындар бар. Хостелдер мен апартаменттер бір түнге 17 доллардан бастап алады.
Орта деңгейлі қонақүйлер (мысалы, Comfort Hotel Astana) бағасы 50 доллар шамасында болады.
Wyndham Garden Astana мен Sheraton Astana Hotel – тәулігіне 100 доллар.
The St. Regis Astana немесе The Ritz-Carlton, Astana – тәулігіне 150 доллар
Қонақүйлер болмаса баспананы Booking.com, Ostrovok және басқа агрегаторлар арқылы да брондауға болады.
Назар аударыңыз: Дженнифер Лопестің концерті сияқты ірі шаралар кезінде қонақүй мен хостел бағалары көтерілуі мүмкін. Ұнаған жерде бос орын болмай қалуы да ықтимал. Сондықтан алдын ала брондау — ең дұрыс шешім.
Билеттер
Әншінің Астанадағы концертіне билеттердің сатылымы 11 сәуірде басталуы қажет. Бағасы 40 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін болады.
Ел үкіметі Лопестің концертінен бюджетке 400 млн теңге пайда түседі, шетелден 15 мың турист келеді деп жоспарлап отыр.
Up All Night туры аясында Дженнифер Лопес әлемнің 17 қаласында концерт өткізеді. Астанадан басқа, шоу Анталья, Ыстанбұл, Мадрид, Барселона, Абу-Даби, Будапешт және Ереванда болады.