Әзербайжан жауынгерлері Мәскеудегі жеңіс шеруіне қатысады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әзербайжан жауынгерлері Қызыл алаңдағы шеруде / фото: kremlin.ru

Әзербайжан жауынгерлері 9 мамырда Мәскеуде өтетін жеңіс шеруіне қатысады. ТАСС мәліметінше, Ресейдегі елші Рахман Мұстафаев журналистерге осылай деп мәлімдеген.

«Әзербайжанның 80 жауынгері (9 мамырдағы) шеруге қатысады», – деген дипломат.

Елшінің айтуынша, жақында делегация Мәскеудегі шеруге дайындыққа қатысуға келеді.

«Бәрімізге ортақ күн. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз», – деген Мұстафаев.

Биыл жеңіске 80 жыл толады. Кремль әскери шеру ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков федерацияға дос емес елдердің басшыларын шеруге шақырмаймыз деп мәлімдеген.

2015 жылы жеңістің 70 жылдығына орай Қызыл алаңда ұйымдастырылған шараға батыс елдері басшыларының көбі қатыспаған. Сол кезде Мәскеудегі әскери шеруді әлемнің 26 мемлекетінің басшысы тамашалаған.

Сондай-ақ оқыңыз