2025 жылы Қазақстан Ресейден 1,5 млн тоннадан аса мұнай өнімін сатып алады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мұнай өнімін шетелден алуға мәжбүр / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылы Қазақстан Ресейден 1 млн тоннадан аса мұнай өнімін: бензин, дизель отыны және битум сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы LS басылымы елдің Энергетика министрлігі мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл Қазақстан Ресейден 285 мың тонна бензин, 450 мың тонна дизель отынын, 300 мың тонна авиаотын, сонымен бірге 500 мың тонна битум импорттайды.

Үкімет 2025 жылы елде 14,5 млн тонна бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин және битум өндіруді көздеп отыр. Республикада мұнай өнімдерін тұтыну көлемі 14 млн тонна деңгейінде болады деп болжанды.

Министрлік елдегі мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) өндірісін арттырмақ.

  • Мәселен, Шымкент МӨЗ өндірісін жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарда бар.
  • Павлодар мұнай-химия зауытын модернизациялау жұмысы жүріп жатыр. Мақсат – бір жылдық өндірісті 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға дейін арттыру.
  • Атырау МӨЗ мұнайды қайта өңдеу арқасында жылдық өндірісті 0,7-1,2 млн тоннаға ұлғайтады.
  • Ал CaspiBitum-ның өндірісті 0,5 млн тоннаға арттырып, 1,5 млн тоннаға жеткізу мүмкіндігі бар.

«Соның арқасында 2035 жылға дейін бензин, авиаотын және дизель отыны нарығында сұранысты толық қамтамасыз етіп, артылғанын экспорттай аламыз», – деп есептейді энергетика министрлігіндегілер.

Сондай-ақ оқыңыз