Škoda Kodiaq жаңа кроссоверін таныстырды. Бағасы қанша, несімен ерекшеленеді

Жарияланды 11 Сәуір 2025 17:59

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Жаңа Škoda Kodiaq Қазақстанда қанша тұрады? / Фото: Kolesa.kz

Škoda Қазақстанда саудаланатын Kodiaq-тың екінші буынын ресми түрде таныстырды. 2023 жылдың қазанында жарық көрген модель енді Қостанайдағы зауыттта құрастырылып, елдегі автосалондарда екі комплектацияда сатылады.

Kodiaq-тың бірінші буынынан қандай айырмашылық бар?

Kolesa.kz баслылымының ақпаратына сүйнесек, бұрынғы буынмен салыстырғанда жаңа Kodiaq өлшемдік жағынан айтарлықтай өзгерген. Көлік ұзындығы 61 мм-ге ұзарса (4758 мм), ені 18 мм-ге қысқарып (1864 мм), биіктігі 17 мм-ге төмендеген (1659 мм). Дегенмен, дөңгелек базасы бұрынғыдай – 2971 мм өзгеріссіз қалды.

Жүксалғыштың сыйымдылығы да көлік конфигурациясына байланысты өзгерген. Жеті орынды автомобильдің жүксалғыш көлемі — 340 литр, үшінші қатардағы орындықты жатқызғанда 845 литр болады, барлық орындықты бүктегенде 2035 литрді құрайды. Бес орынды нұсқада 910/2105 литр.

Kodiaq 190 ат күшін (320 Нм) беретін 2 литрлік турбомотормен жүреді. Агрегат 7 сатылы DSG роботымен және толық жетек жүйесімен жұптаса жұмыс істейді.

Жаңа Kodiaq кроссоверінің басты ерекшеліктері

Арзан Selection жиынтығының бағасы — 23 млн теңге. Ол алдыңғы және бүйірлік эйрбэг, қауіпсіздік пердесі және ортаңғы эйрбэгпен жабдықталады. Жүргізуші ассистенттері кешеніне жарық пен жаңбыр сезгектері, айнала шолу камерасы, парктроник, шина қысымын бақылау, жүргізушінің шаршағанын бақылайтын құрылғы, круиз-бақылау және т.б. кіреді.

Панорамалы шатыр, кілтсіз ашу жүйесі, цифрлы аспаптар панелі, алдыңғы әйнекке түсетін проекция, 13 дюймдік мультимедиа дисплейі, үш аймақты климат-бақылау, электр жетегі бар алдыңғы орындықтар мен жүксалғыш қақпағы, барлық орындықты, рөл мен айнаны жылытқыш және сымсыз қуаттағыш бар.

Қымбатырақ Sportline сыртқы және ішкі декорымен ерекшеленеді. Ол өзгеше бастырық, мата, алькантара және былғарымен қапталған салон, массаж және желдету функциялары жоқ алдыңғы спорттық орындықтар алды. Кроссовердің алдыңғы әйнегі дыбыс оқшаулайды, артқы әйнек зауыттан күңгірттелген. Kodiaq Sportline бес орынды, Selection-нің салоны үш қатарлы. Бағасы — 23.9 млн теңге.

Айта кетейік, Kodiaq-тың бірінші буыны 17.5-20 млн теңге тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз