Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек IBF рейтингісінде төртінші орынға көтерілді

Жарияланды 11 Сәуір 2025 14:51

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Сұлтан Заурбек IBF жаңартқан рейтингте өз позициясын нығайтты / Фото: Wasserman Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартқан рейтингте бір сатыға көтерілді.  

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартқан рейтингте өз позициясын нығайтты. Жаңа рейтингке сәйкес, Заурбек бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Қазіргі уақытта IBF рейтингінің көшін мексикалық боксшы Эдуардо Нуньес бастап тұр. Екінші орын – бос, ал үшінші орынға жапониялық Масанори Рикииши жайғасқан. Айта кетерлігі, екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF әлем чемпионы атағы әзірге иесіз.

Айта кетейік, 5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Аренада» өткен жекпе-жекте Сұлтан Заурбек Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Азинга Фузилені төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша Intercontinental (құрлықаралық) чемпиондық белбеуінің иегері атанды.

Сондай-ақ оқыңыз