Ердоғанның саяси қарсыласына тағы бір айып тағылды

Ыстанбұл қаласыны экс-мэрі, оппозиция өкілі Екрем Имамоғлы прокурорға қоқан-лоқы көрсетті деген айыппен сотқа тартылды. Бұл — оған қатысты қозғалған бірнеше істің бірі. Көпшілік бұл процестердің саяси астары бар екенін алға тартып отыр. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлайды.
Имамоғлы 2025 жылдың 23 наурызында сыбайлас жемқорлық пен терроризм айыптары бойынша ресми түрде қамауға алынған болатын. Ол Ыстанбұлдың батысындағы Силиври түрмесінде отыр.
Қазіргі қаралып жатқан іс одан бөлек – онда Имамоғлы прокурор Акын Гюрлекке қысым көрсетті деп айыпт тағылған. Бұл оның прокурорды оппозициялық тұлғаларға қарсы істер үшін сынға алған сөздерінен кейін көтерілген.
Сот отырысына саясаткердің жұбайы мен ұлы, Республикалық халық партиясы депутаттары және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты. Істі қарау 16 маусымға қалдырылды.
Түрік билігі болса, сот жүйесі тәуелсіз екенін және оған ешқандай саяси қысым көрсетілмейтінін мәлімдеп отыр.
Имамоғлының тұтқындалуы Түркия қоғамында үлкен резонанс тудырды. Ол – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның басты саяси қарсыласы.
Елдің түрлі қалаларында наразылық шерулері өтіп, 2000-ға жуық адам ұсталды. Соған қарамастан, ол партия атынан 2028 жылы өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде ресми түрде ұсынылды. Алайда, сайлау ерте де өтуі мүмкін.