Ресей Қытайға АҚШ-тың орнына мұнай жеткізуге дайын

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ресейдің Қытайға мұнай эскпорты арта ма / Фото: shutterstock

АҚШ пен Қытай сауда текетіресін Ресей өз пайдасына пайдаланбақ. Сауда соғысы аясында АҚШ Қытайға экспорттайтын мұнай көлемін қысқартса, Ресей өз өнімін ұсынуға ниетті. Ресей Федерациясы ҚХР-ге қанша мұнай қажет болса, сонша жеткізіп беруге дайын. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко осылай деп мәлімдеген.

Бұл ретте орыш шешеуніші Қытай ұлттық мүддесіне басымдық беретінін айтып өткен.

«Қытайға қанша мұнай қажет болса, сонша жеткізуге дайынбыз», – деді ол.

Қытай — әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы ел. 2024 жылы ел 553,4 млн тонна мұнай сатып алған, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,9%-ға аз.

Соның ішінде 108,5 млн тоннасын Ресейден тасымалдаған. Ал 78,64 млн тоннасы Сауд Арабиясы, ал 11 млн тоннасы АҚШ-тан эспортталады.

Сауда соғысы

2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды қоса алғанда, 185 елге қарсы 50%-ға дейін баж салығын енгізетінін жариялады. Бұған жауап ретінде Пекин АҚШ тауарларына салынатын салықты арттырды.

12 сәуірге қарай АҚШ-тың Қытайдан келетін импортқа салған баж салығы 145%-ға, ал Қытайдың АҚШ-тан келетін өнімге қойған тарифтері 125%-ға жетті. Бұдан бөлек, Пекин Вашингтонның әрекеттеріне байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына екі шағым түсірді.

Ал Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитт Қытай тарапы қарсы шараларды жалғастыра берсе, бұл Пекин үшін салдары ауыр болатынын ескертті.

Bloomberg мәліметінше, сауда соғысының ушығуы аясында Қытайға АҚШ-тан келетін мұнай импорты тоқтауы мүмкін. Vortexa Ltd. компаниясының пікірінше, бұл импорт Пекин үшін аса маңызды емес және 2025 жылдың алғашқы айларында жалпы импорттың шамамен 1%-ын ғана құраған.

Сондай-ақ оқыңыз