Астанада LRT құрылысына байланысты жол айрығында қозғалыс шектеледі
Жарияланды

Астанада LRT құрылысына байланысты 14-15 сәуірде бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
14 сәуір сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
15 сәуір сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.
Бұған дейін Астанадағы LRT биыл күзде сынақ режимінде іске қосылатыны хабарланды. Бұл кезде жеңіл рельсті пойыздар алдымен жолаушысыз жолға шығады. Сынақ мерзімі 6 айға созылады.