ТМД волонтерлерінің алғашқы форумы Қазақстанда өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесі отырысы өтті/фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Алматыда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесі отырысы өтті/фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Бастама Алматыда ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы барысында айтылған.

Болжам бойынша, форум тәжірибе алмасуға, волонтерлер қозғалысын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жыл сайынғы іс-шараға айналады. Оны ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.

Қазақстан 2026 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің бірінші форумын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Жастар жөніндегі кеңес Қазақстанның бұл бастамасын қолдады. 

Сондай-ақ оқыңыз