АҚШ-тың шектеулерінен кейін, Volkswagen Қытай нарығына бірден үш жаңа көлік шығармақ

Жарияланды 13 Сәуір 2025 11:58

Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
Жаңа Volkswagen-дер қандай болады? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

АҚШ нарығынан ресми түрде кетіп, сатылымдары құлдыраған Volkswagen енді стратегиясын түбегейлі өзгертіп, назарын әлемдегі ең ірі автомобиль нарығы — Қытайға аударды. Неміс концерні тұтынушылар тарапынан қызығушылықтың төмендеуіне қарамастан, Қытайда арнайы жасалатын үш жаңа автокөлік моделін ұсынбақ. Компания бұл жаңалықтар Volkswagen-нің аймақтағы әлсіреген позицияларын қалпына келтіреді деп үміттенеді.

Стратегияның өзгеруі және жергілікті нарыққа бейімделу

Volkswagen бұрынғы жаһандық платформаға негізделген стратегиясының Қытай нарығы үшін тиімділігі жоғалғанын ашық мойындайды. Қазіргі таңда қытайлық автожүргізушілер отандық өндірушілердің заманауи технологиялары мен батыл дизайнына, сонымен қатар қолжетімді бағасына басымдық береді. Осыған байланысты неміс бренді өз тәсілін түбегейлі қайта қарап, жаңа модельдерді Қытай нарығына түбегейлі өзгеше жаңа автокөліктер жасауға бел буып отыр.

Үш концепт, үш бірлескен кәсіпорын, бір мақсат

Жаңа бағыт аясында Volkswagen үш жаңа модельді: бір седан және екі кроссоверді таныстырады. Қазіргі уақытта бұл үлгілер тек концепт-кар деңгейінде. Бірақ 2026 жылға қарай олар толыққанды сериялық модельдерге айналады деп болжанып отыр. Өндіріс үдерісі компанияның Қытайдағы үш бірлескен кәсіпорнында жүзеге асады:

  • Электрлік седанды FAW-Volkswagen бірлескен кәсіпорны шығарады. Ол CMP платформасында құрастырылып, жас аудиторияны тарту мақсатында қолжетімді бағада ұсынылады.
  • Бір кроссовер JAC-пен бірлескен Volkswagen Anhui зауытында өндіріледі. Бұл толығымен электрлік модель болады. Қалалық және қала маңында тізгіндеуге бағытталады. Модельдің қарапайым, бірақ танымал дизайн мен кең мүмкіндіктерге ие базалық жинақтамамен шығарылады деп жоспарланған.
  • Екінші SUV SAIC-Volkswagen зауытында құрастырылады. Ол жүріс қорын арттыратын гибридті қуат қондырғысымен жабдықталады. Бұл толық электромобильге көшуге дайын емес, алайда экологиялық шешімдерді қалайтын тұтынушылар үшін жақсы балама болуы мүмкін.

«Қытайлық ДНҚ»

Volkswagen барлық үш модельдің «қытайлық ДНҚ-ға» ие болатынын атап өтеді. Бұл тек дизайнды ғана емес, жергілікті тұтынушылардың талғамына сай функционалдылықты да қамтиды. Алдын ала көрсетілген тизерлерден жаңа көліктердің заманауи жұқа жарық элементтерімен, батыл сызықты пішіндерімен және жергілікті цифрлық экожүйелермен үйлесімді мультимедиалық жүйемен жабдықталуы мүмкін екенін байқауға болады.

Компания сонымен қатар өнімді әзірлеу уақыты 30%-ға қысқарады деп уәде етеді. Бұл — жаңа модельдерді рекордтық жылдамдықпен жасап, нарыққа шығара алатын қытайлық өндірушілермен бәсекелесу үшін іске асқан қадам. Volkswagen бұл тәсіл баға мен өндіріс мерзімі бойынша басымдық береді деген үмітте.

Қытайдағы Volkswagen электромобильдерінің сатылымы

Үш жаңа модельдің ұсынылуы батыл қадам болып көрінгенімен, нарықтағы қазіргі жағдай алаңдаушылық туғызады. 2025 жылдың қаңтар айында Volkswagen Қытайда бар болғаны 4552 электр көлігін сатқан — бұл 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 71%-ға аз.

Мұндай құлдырауға бірнеше себеп бар. Біріншіден, BYD, Xpeng және Nio сияқты жергілікті бәсекелестердің күшеюі, сондай-ақ Volkswagen-нің жергілікті трендтерге икемделмеуі. Қазіргі қытайлық тұтынушыға жай ғана электромобиль емес, заманауи цифрлық платформа, жиі жаңартылып отыратын бағдарламалық қамтамасыз ету, ыңғайлы навигация және тиімді бағамен ұсынылатын ерекше сервистер қажет.

Нарыққа қайта оралу ма, әлде соңғы мүмкіндік пе?

Volkswagen жаңа буын тұтынушыларына арналған «құпия тәсіл» ойлап тапқанын мәлімдеді. Компания бұл тәсілдің Қытайдағы жаңа буынға ұнайтынына сенімді. Толық мәлімет берілмегенімен, әңгіме жаңа цифрлық шешімдер, жеке баптаулар және онлайн-сатылымдар жайында болуы мүмкін. Қытайда мұндай сервистер жыл өткен сайын танымал болып келеді.

Volkswagen Қытай нарығында қалу үшін батыл әрі нақты қадам жасап отыр. Жаңа өнімдер, жергілікті өндіріс, дизайнға баса назар аудару және әзірлеу жылдамдығы — осының бәрі тұтынушылар сенімін қайта оралтуға бағытталған. Алайда неміс электромобильдеріне деген сұраныстың төмендеуі мен жергілікті бәсекелестердің күшеюі бұл жолды қиындатады. 2026 Volkswagen үшін автоконцерннің болашағын айқындайтын жыл болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, жыл басында Дональд Трамп АҚШ-тың шетелдік сауда серіктестеріне, оның ішінде Еуропаға жаңа салық енгізетінін хабарлады. Осылайша «Ақ үй» басшысы 5 сәуір бұл заңды қабылданып, күшіне енді. Бұл жаңалықтан кейін неміс авто өндірушілері Audi мен Volkswagen Құрама Штаттарға темір тұлпар жеткізуді уақытша тоқтатқан еді. 

Сондай-ақ оқыңыз