Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар елдімекенде жер сілкінісі сезілді

Қазақстанның оңтүстігіндегі 30-дан аса елдімекенде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер сілкінісі 13 сәуір сағат 09:23-те тіркелген.
Дүмпу сезілген елдімекендер:
Мырзакент к. – 3 б.
Жетісай – 3 б.
Абай а. – 3 б.
Сарыағаш қ. – 3 б.
Қазығурт а. – 3 б.
Шардара қ. – 3 б.
Ленгір қ. – 3 б.
Сайрам а. – 3 б.
Шымкент қ. – 3 б.
Манкент а. – 3 б.
Аксукент а. – 3 б.
Тұрар Рысқұлов а. – 3 б.
Бауыржан Момышұлы – 3 б.
Арыс қ. – 3 б.
Темірлан а. – 3 б.
Тараз қ. – 3 б.
Сарыкемер а. – 3 б.
Аса а. – 3 б.
Кұлан а. – 2 б.
Мерке а. – 2 б.
Қаратау қ. – 2 б.
Шаян а.- 2 б.
Шәуілдір а. – 2 б.
Жанатас қ. – 2 б.
Түркістан қ. – 2 б.
Қордай а. – 2 б.
Кентау қ. – 2 б.
Шолаққорған а. – 2 б.
Шорнақ а. – 2 б.
Шу қ. – 2 б.
Толе Би а. – 2 б.
Мойынқұкум а. – 2 б.
Жаңақорған а. – 2 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың наурызында Таразда жер сілкінді. Жер сілкінісі Тараз қаласының шығысында, 84 км қашықтықта тіркелген. Жер асты думпуі 8 км тереңдікте болған. Ал қуаты 4,7 балды құраған.