МОТ, Ернар Айдар, Maher Zain және Дастан Оразбеков. Алдағы аптада кімнің концертіне баруға болады

Жарияланды 13 Сәуір 2025 11:02

Айшолпан Керім

Айшолпан Керім

Алдағы аптада МОТ, Ернар Айдар, Maher Zain және Дастан Оразбеков өнер көрсетеді/фото: shutterstock
Алдағы аптада МОТ, Ернар Айдар, Maher Zain және Дастан Оразбеков өнер көрсетеді/фото: shutterstock

Алдағы аптада елімізге танымал әншілер елдің түкпір-түкпірінде концерт беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар шетелден келіп, шығармашылық кеш өткізгелі жүрген сыйлы қонақтарымыз да бар. Бұл аптада лириканы сүйетіндер де, хип-хопты ұнататындар да, RnB жанрын жақсы көретіндер де бір қуанып қалатын болды. Себебі қызық концерт көп. Kursiv.Media әдеттегідей алдағы аптада өтетін маңызды іс-шаралар тізімін жинады.

МОТ Астанада

Астана қаласы

17 сәуір

МОТ – жастар арасында танымал боп жүрген бүгінгі заманның басты лириктерінің бірі. Ол бірегей поэтикалық стиль, терең философия және есте қаларлық әуендері арқылы алғашқы нотадан бірден танылатын артист. Мот өз шығармашылығында махаббат туралы жан тербейтін балладаларын, сонымен қатар хип-хоп және RnB стиліндегі би хиттерін өте ұтымды үйлестіре алатынымен ерекшеленіп тұрады.

Әншінің әрбір концерті – «қаладағы ең шулы караоке» болып өтеді, ең терең сезімдерді оятатын әсерлер мен бір орында тұрғызбайтын ең керемет би де оның концерттерінің сәні деуге болады. 

«Август – это ты», «Капкан», «Случайности не случайны», «День и ночь», «Мама, я в Дубай», Ани Лоракпен бірге жазылған «Сопрано», Бьянкамен жазылған «Абсолютно всё», J ony-мен жазылған «Лилии», Zivert-пен бірге жазылған «Паруса», Лепспен бірге жазылған «Я оставлю» әндері – мұның бәрі Моттың ән қоржынының тек бір бөлігі ғана. Әнші қаламынан туған ән ешбір тыңдарманды бей-жай қалдырмасы анық.

Жақын күндердегі басты лирика кешінен құр қалмаңыз. Қазірден билет алыңыз. Ол үшін Ticketon.kz cайтына өтіңіз.

Ернар Айдар

Тараз қаласы

16 сәуір

Ернар Айдар – қазақтың ең танымал орындаушыларының бірі, нағыз хитмен. Оның репертуары заманауи хиттер мен алуан түрлі жастағы ән сүйер қауымды қамтитын сан түрлі әнге бай. Әншінің концерттері ешқашан қарапайым қарабайыр болып өткен емес, тыңдармандары үнемі концерттер нағыз музыкалық шоу ретінде әрі ашық сезімдер мен көрермен қауыммен ерекше эмоциялық байланыс орнайтын атмосфералық кеш болатынын айтып жүреді.

Ернар өзінің сахнадағы еркіндігімен, жүрекке жеткізіп орындай алатынымен, залдағы тыңдарымен байланыс құра алатынымен танымал.

Концерттен қапы қалмаңыз, кеш 16 сәуір күні Тараз қаласындағы Жүсіп Баласағұн мәдениет сарайында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыз.

DASTOUR 2025 – Дастан Оразбеков 

Жезқазған қаласы

15 сәуір

Алғашында ORDA тобының әртісі ретінде танылған талантты әнші Дастан Оразбеков 2009 жылы жеке мансап жолын дамытуға бет бұрды. Әншінің жеке дара шыққанына халық тек қуанышты болды. Оның барлық әні дерлік хитке айналып, тыңдарман жалықпай тыңдайтын тамаша туынды болып шығады.

Бір кездері отандық әзіл-сықақ театрының әншісі болып өнерге енді қадам басқан бала Дастанның да өнерде жүргенінен 30 жылға таяп қалды. Оның қазір мыңдаған тыңдарманы бар, репертуары да сан алуан. Сахнаға шықса, әуезді үнімен баурап, икемді би-қимылымен сахнаны жандандырып жіберетін нағыз артист жеке тур ұйымдастырып, гастрольдік сапармен түгел Қазақстанды шарлап шығуды жоспарлап отыр. Алдағы аптада әнші Жезқазған жеріне жол тартпақ.

Бұл турда Дастан Оразбеков лайв-бэндтің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Қонақтар «Бегім-ай», «Ант», «Көк аспан» және тағы басқа хиттерді жанды орындауда тыңдай алады.

Концерт Жезқазғандағы Халықтар достығы үйінде өтеді. Басталуы 19:30-да. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Maher Zain 

Астана қаласы

14 сәуір

Махер Зейн – Ливан тектес шведтік RnB жанрының әншісі. 2009 жылы өзінің «Thank You Allah» деп аталатын дебюттік альбомын шығарып, халықаралық даңққа ие болды. Кейінірек 2012 жылы Зейн «Forgive Me» деген атаумен жаңа альбом шығарып, сағынған тыңдармандарын бір қуантып қойды. Бұл альбом да оның танымалдығын арттыра түсті.

Махер Зейннің көптеген әні көбіне ағылшын тілінде орындалады, алайда әншінің репертуарында басқа тілдерде шырқалатын әндер де баршылық. Мәселен, «Insha Allah» әні ағылшын, араб, индонезийлік, малайзия, түрік және француз тілдерінде шығарылды. Мұны оның тыңдармандарының көптігімен байланыстыруға да болады. Әншінің дүниенің әр қиырында жанкүйері жетерлік. Сондықтан Зейн үнемі әлемнің түкпір-түкпірін шарлап, концерт береді. Бұған дейін ол Ұлыбритания, АҚШ, Малайзия, Индонезия, Сауд Арабиясы және Мысыр сияқты елдерге көп рет кеш шығармашылық сапармен барып қайтты. 

Ал биыл 14 сәуір күні әнші Астанада шығармашылық кеш өткізеді. Осы бір ерекше кештен қапы қалмаңыз. 

Концерт   Qazaqconcert-те өтеді. Басталуы сағат 20:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

«Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Туған жер» би ансамблі

Петропавл қаласы

15 сәуір

Ерекше мәдени қойылымдарымен, ширақ қимылымен, сахнаны биімен жандандырып жүрген «Туған жер» би ансамблі алдағы аптада жоғары өнерді бағалайтын қауымды бір қуантпақ. Мың бұралған кәсіби бишілер ұжымы Петропавлдық көрермен үшін нағыз мәдени мұрамыз саналатын «Қозы көрпеш – Баян сұлу» би қойылымын қояды. Күллі қазаққ әйгілі махаббат хикаясын бұл форматта көруге қалай қарайсыз? Міндетті түрде барып көруге тұрарлық іс-шара сияқты.

Кеш Петропавл қаласындағы Кешібаев көшесінде орналасқан Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында өтеді. Басталуы саат 18:30-да.

Жас шектеуі бар, тек 6 жастан асқан балалар кіре алады.

Билеттерді  Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Бұл – алдағы аптада болатын ең таңдаулы ән кештерінің топтамасы. Ticketon.kz сайтына кіріп, аптаңызды қызықты ететін өзге де іс-шаралар жайлы ақпарат ала аласыз. 

Сондай-ақ оқыңыз