Ferrari дизайнерлерінің қолының табы қалған қытайлық KAIYI X7 кроссовері таныстырылды

KAIYI брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Orbis Auto автомобиль тобына кіретін компания толық жетекті жаңартылған KAIYI X7 кроссоверін таныстырды. Жаңа автокөлік брендтің елдегі барлық ресми дилерлік орталығында қәзірден сатылып жатыр.
Алғашқы әсер
KAIYI X7-нің дизайнын әзірлеуге Ferrari дизайнерлері командасының мамандары атсалысқан. Каскадты радиатор торы, динамикалық бұрылыс көрсеткіштері бар жарықдиодты шамдар және жаңартылған аэродинамикалық сызықтар спорттық әрі динамикалық мінезге меңзейді. Ал 20 дюймдік дискілерімен және ені 255 мм болатын кең шиналар жолдағы тұрақтылықты арттырады.
Қозғалтқышы
KAIYI X7 1,6 және 2 литрлік турбоүдетілген отын бүркуі тікелей бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Алғашқысында 186, екіншісінде 238 ат күші бар. Қос қозғалтқыш та 7 сатылы робот қораппен жұптасады. «Қозғалтқыш уақытылы күтімді қажет етеді. Сапалы май мен бензин құйсаңыз өндіруші кепіл беріп отырған 150 мың шақырымды қиындықсыз еңсересіз «, – дейді дилер мамандары. Бұған тек АИ-95 құйған жөн.
Интерьер
KAIYI X7 салонының материалдарында ақшыл сары және қара түс пайдаланылған. Интерьер 5 және 7 орындық конфигурацияларда қолжетімді.
Салонда батырмалы түймелер аз. Көмекші құралдардың дені экранға интеграцияланған. Олардың қатарында CarPlay және Android Auto қосымшалары бар мультимедиа жүйесі, дауыстық басқару, сандық аспаптар панелі, 360° камера, адаптивті круиз-бақылау, соқыр аймақты бақылау, төтенше тоқтату жүйесі және автоматты жарық ауыстыру сынды функциялар бар.
«Ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған автокөлік»
KAIYI брендінің Қазақстандағы дистрибуция директоры Юлия Тишакова KAIYI X7 жақсартылған шу оқшаулау, жол жағдайына бейімделетін аспа жүйесі мен толық жетектің арқасында қалада да, жолдан тыс сапарларда да тыныш әрі жұмсақ жүрісті қамтамасыз ететінін айтады.
«KAIYI X7 біздің модельдік қатарымызда маңызды орынды иеленіп отыр және Қазақстан нарығында баға, сапа мен заманауи технологиялардың оңтайлы үйлесімі арқылы үлкен әлеуетке ие. Біз тұтынушыларға тек тартымды бағаны ғана емес, сонымен қатар қуатты, сенімді және жоғары технологиялы автокөлікті ұсынамыз. Бұл жай ғана көлік емес – бұл өмір салты. Сенімді, стильді және практикалық KAIYI X7 – белсенді өмір салтын ұстанатын және жайлылықты бағалайтындар үшін ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған автокөлік», – деді Юлия Тишакова.
Бренд турасында
Сhery компаниялар тобына кіретін KAIYI бренді белсенді түрде дамып келеді. Дилер 2025 жылы KAIYI X7 үлгісінен 400 көлік сатуды жоспарлап отыр, соның ішінде 160-ы толық жетек болады деп күтілуде. Бүгінде елдің 11 қаласындағы KAIYI дилерлік орталықтары X3, X3 Pro, X7 кроссоверлерінің толық модельдік қатарын және E5 динамикалық шағын седанын ұсынп отыр. Жыл соңына дейін дилерлік желіні одан әрі кеңейту жоспары да айтылды.
Бағасы
KAIYI X7-нің бастапқы бағасы арнайы ұсыныс бойынша ең жоғары жеңілдікті ескергенде 11 790 000 теңгеден басталады. Толық жетекті Luxe жиынтығының бағасы 14 290 000 теңгеден жоғары. Бұл модельге арналған жеңілдік көлемі 2 500 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Осылайша, ел нарығына аспан асты елінің кезекі кроссовері қосылып отыр. Компания дәл осы кроссовер сегментіне басымдық беріп отырғаны тегін емес, өйткені әлімде кейінгі жылдары кроссоверизация тенденциясы қатты белең алуда. Тіпті бұл көптеген атақты, аңыз седандарды ығыстырып, олардың конвейерден алынуына дейін әсер еткен.