
«Қазгидромет» атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіліп отырғанын мәлім етті. Жаңбыр, кей жерлерде бұршақ пен қар жауып, үсік жүреді.
15 сәуірде Ақмола облысында, 15-16 сәуірде Шығыс Қазақстан, Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы және Жетісу облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, республика бойынша тұман күтіліп отыр.
15-17 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан облысында, 15-16 сәуірде Атырау, Ақмола, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облысында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус аяз болады деп болжануда.
Күндіз температуралық фон:
Елдің батысында 15-20-дан 17-23-ке дейін көтеріледі.
Оңтүстік-батыста негізгі фон 15-25 жылу.
Солтүстік-батыста 8-16-дан 12-20-ға дейін көтеріледі, 17 сәуірде аймақтың солтүстігінде 5-10-ға дейін төмендейді.
Солтүстікте жылу 7-15-тен 0-10-ға дейін төмендейді.
Орталықта 10-18-ден 13-21-ге дейін көтеріледі.
Шығыста 9-18-ден 10-20-ға дейін көтеріледі.
Оңтүстікте 15-23-тен 17-25-ке дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста 17-23-тен 13-20-ға дейін төмендейді.