
15 сәуір күні Бельгияның AFM радиосында Димаш Құдайбергенге арналған екі сағаттық арнайы бағдарлама өтеді. Бұл эфирге Dimash Belgian Dears Fan Club клубының директоры және ең белсенді мүшелерінің бірі ретінде Венди Мразек пен Анн Де Грааф қатысады.
Бағдарламаның жүргізушісі Себастьен Гратье бельгиялық жанкүйерлердің Димашқа деген сүйіспеншілігі жайлы, өнері мен ерекше дауысын әлемге танытудағы ұмтылыстары жайлы әңгіме қозғамақ. Бұл эфир – жаңа тыңдармандарға Димаштың шығармашылығымен танысып, оның ерекше дауысына баға беруге тамаша мүмкіндік.
AFM Radio – Бельгияның Амэй қаласында (Эно провинциясы) орналасқан радиостанция. Бұған дейін бұл радиостанцияда Димаштың әндері шырқалған. Радио ұжымы қазақстандық әншінің өнеріне үлкен қызығушылық танытып, тіпті Димашқа арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырды.
Бағдарлама француз тілінде өтеді және кейінірек YouTube желісіне жүктеледі.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген қараша айында Еуропаның Берлин, Лондон, Барселона қалаларында концерт беретінін жазған едік.
Сондай-ақ Алматыда 26 мамыр күні жанкүйерлермен кездесу өткізеді.