Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қандай әндер тыңдайды

Жарияланды 14 Сәуір 2025 14:52

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ерлан Қарин плейлист
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қандай әндер тыңдайды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Instagram парақшасында көктемгі көңіл-күйді сипаттайтын, ерекше музыкалық плейлиспен бөлісті. Қарин тыңдайтын әндер қатарында заманауи қазақ музыкасының жаңа толқыны өкілдері бар.

«Әдеттегідей ерекше күйге толы біздің қазақ заманауи музыкасы тректерін көктемгі плейліске қостым. Біздің музыкамызды тыңдай жүріңіздер», – деп жазды Ерлaн Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің плейлисінен орын алған орындаушылар қатарында Мархаба Сәби, Mona Songz, Akha, Қобыланды Болат, Kunzharyq, 6ellucci, Dequiine, Ернар Амандық, Jeltokssаn, Kyle Ruh, Alem, Mdee, Ayau, және т.б бар.

Бұл тізімнен заманауи RnB, хип-хоп, инди жанрында ән шырқайтын жас орындаушыларды кездестіруге болады. Қариннің музыка талғамы арқылы оның жастар шығармашылығына бейжай қарамайтынын және отандық музыканың дамуын қолдайтынын байқауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік кеңесші Ерлaн Қарин өңірлерде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз