Қазақстан енді Африка елдеріне астық экспорттай бастайды

Қазақстан 2024 жылдың күзінде мол астық жинады. Осыған орай Ауыл-шаруашылығы министрлігі жаңа экспорттық бағаттар іздестіріп, рекордтық көлемде көп жинаған астықты өткізетін жолдарды іздестіре бастады. Нәтижесінде Африканың солтүстігінде орналасқан елдерге жаңа бағыт ашылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Солтүстік Африка мен Мароккоға 300 мың тонна бидай экспорттайды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» үшінші және төртінші санаттағы бидайды сыртқы нарықтарға шығарумен айналысып жатыр. Компания бүгінгі күні 200 мың тоннаға жуық астықты экспорттау бойынша келісімшаррт жасаған. Бұл көлем маусым соңына дейін артып, 300 мың тоннадан асуы мүмкін деп жоспарланып отыр.
Корпорация осылайша өткізу нарықтарын әртараптандырып, алыс шетел нарықтарында Қазақстан позициясын нығайтуға күш салған. Корпорация Еуроодақ елдері, MENA аймағы (Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жаңа бағыттар ашуды көздейді.
Бұдан бөлек корпорация Азов, Қара және Балтық теңіздері порттары арқылы Ауғанстан, Иран, Әзербайжан, Грузия және Арменияға; Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне да астық экспорттауды жоспарлап отыр..
«Жөнелтілімдер халықаралық сауда талаптарына сәйкес FOB, FCA, DAP және басқа шарттар бойынша жүзеге асырылады», – делінген баспасөз хабарламасында.