Абай облысында тағы да өрт. ТЖМ тұрғындарды эвакуациялап жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Абай облысының Жаңасемей ауданында күнбағыс қабығы өртенген / Фото: kursiv.media архив

Абай облысының Жаңасемей ауданында күнбағыс қабығы өртенген. Салдарынан елдімекендерді көк түтін басқан. ТЖМ тұрғындарды эвакуациялаған.

Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, ЖАО, ЖШС және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 111-ден астам адамы мен 33 бірлік техника жұмылдырылған. Сонымен бірге авиацияны іске қосты.

Тікұшақ жұмылдыруды Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов тапсырған.

«Әуе кемесін қолдану өрттің таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртке байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жедел желі ашып, психологтар жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз