
Абай облысының Жаңасемей ауданында күнбағыс қабығы өртенген. Салдарынан елдімекендерді көк түтін басқан. ТЖМ тұрғындарды эвакуациялаған.
Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, ЖАО, ЖШС және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 111-ден астам адамы мен 33 бірлік техника жұмылдырылған. Сонымен бірге авиацияны іске қосты.
Тікұшақ жұмылдыруды Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов тапсырған.
«Әуе кемесін қолдану өрттің таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өртке байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жедел желі ашып, психологтар жұмыс істеп жатыр.