ҚМА халыққа қарыз ақша беріп келген ұйымдардың алаяқтықпен айналысқанын анықтады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
мфо
МҰҚ-лар алаяқтық жасап, азаматтарды қарызға батырған / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

«Creditum», «Sofi Finance», «Hava Finance», «SF Offline», «POS Credit», «Сәлем Кредит» микро қаржы ұйымдарының басшылары аляқтық жасаған. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен аталмыш ұйымдарды алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеп жатыр.

«Аталған МҚҰ-лардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ұйымдар төлемдерді кешіктірген қарыз алушыларды Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүрлеген. Ал кепілгер компания жауапкершілікті тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырған.

Кепілдік сомасы да айтарлықтай үлкен болған. Кепілдік берген компаниялар бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық сома төлеп келген.

Мұндай алаяқтыққа барған микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынып, 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылған. Сондай-ақ ұйым басшысы 2 айға қамалған.

Ұйым басшысының жалпы құны 225 млн теңгені құрайтын мүлікіне тыйым салынған. Оның ішінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктері де бар.

Сондай-ақ оқыңыз