Трамп Украинадағы зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Трамп Зеленскийден келіссөздерге дайын екені туралы хат алғанын мәлімдеді
Трамп Украинаның Сумы қаласына жасалған зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді / Фото: kursiv.media архив

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның Сума қаласына жасалған Ресейдің зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді. Трамп мұны сұмдық жағдай деп бағалап, Ресей тарапының қателік жасағанын айтты.

«Бұл сұмдық жағдай. Маған олар қателесті деп айтты. Қалай болғанда да сұмдық жағдай екен. Бұл соғыстың басталуына билікті асыра пайдалану себеп болды. Егер мен президент болсам, бұл соғыстың басталуына жол бермес еді. Бұл соғыс масқара», – деп мәлімдеген президент журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, 13 сәуір күні Ресей әскері Сумы қаласына зымыран шабуылын жасап, салдарынан 34 бейбіт тұрғаны қаза тапты. Қаза тапқандар арасында 2 бала бар екені айтылады. Бұл оқиғадан соң, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ оқыңыз