Меркіде пышақталған мотоцикль жүргізушісі аман қалды – полиция (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Меркіде пышақталған шетел азаматы екен/фото: видеодан кадр
Меркіде пышақталған шетел азаматы екен/фото: видеодан кадр

Жамбыл облысы полиция департаменті Меркі ауданындағы жанармай бекетінде пышақталған мотоцикль жүргізушісінің аман екенін айтты.

Ол шетелдің азаматы екен. Сонымен қатар полиция суық қару қолданылған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Күдікті қылмыс ізін суытып, қашпақ болған. Бірақ артынша ұсталған. Қазір уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

«Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Ержан Сәденов.

Алматы полициясы болса, жолда бала өлімі жиілегеніне байланысты ата-аналарға үндеу жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз