ЕАЭО елдері арасында жұмыссыздық деңгейі ең жоғары ел – Қазақстан

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі артты / Фото: shutterstock

Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде жұмыссыздар саны бір жыл ішінде артқан жалғыз мемлекет болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия жариялаған сараптамада жазылған.

2025 жылдың ақпан айының соңында Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтарында 333 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген. Бұл — елдегі жұмыс күшінің 3,5%-ын құрайды. Бір жыл бұрын жұмыссыздар 306 мың адам болған, яғни қазіргіден 3,2% аз еді. Бір жыл ішінде елдегі қызмет таба алмай жүрген қазақстандықтар саны 27 мың адамға өскен.

Дегенмен ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыссыздар саны азайған:

  • Ресейде ресми жұмыссыздар саны – 283 мың адам немесе 0,4%. Өткен жылы бұл көрсеткіш 406,3 мың адам немесе 0,5% болған. Жыл ішінде 123 мың адамға азайған.
  • Қырғызстанда жұмыссыздар саны 65,1 мыңнан 48,4 мыңға дейін қысқарған (2,4%-дан 1,7%-ға).
  • Арменияда жұмыссыздар саны 45,7 мыңнан 37,1 мыңға дейін кеміген(3,4%-дан 2,8%-ға), бұл – 8,6 мың адамға аз.
  • Беларусьта жұмыссыздар саны ең аз – бар болғаны 3,3 мың адам, яғни жұмыс күшінің 0,1%-ы. Бір жыл ішінде мұнда 1 мың адам жұмысқа тұрған.

Жалпы ЕАЭО елдерінде 2025 жылдың ақпан айының соңына қарай 704,9 мың жұмыссыз тіркелген, бұл – орта есеппен 0,8%. 2024 жылдың ақпанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,8%-ға азайған (825,7 мыңнан).

Сарапшылар елде жұмыссыздар саны ресми статистикадан әлдеқайда көп екенін айтады. Halyk Finance мамандарының пікірінше, жұмыссыздық деңгейі ұлттық статистка бюросы ұсынған 4,6% емес, 7,2% дан 8,3%-ға дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыз