Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Group холдингі 2024 жылға дивиденд төлемейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Кеңес Рақышев компаниясы дивиденд төлемейді / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Fincraft Group холдингі 2024 жыл үшін дивиденд төлемейтін болды. Бұл туралы қор биржасында жариялаған құжаттан белгілі болды.

Дивиденд төлемеу туралы шешімді холдинг акционері қабылдаған.

«Осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес серіктестіктің 2024 жылға арналған жекелеген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. Таза табысты таратпаңыз немесе 2024 жылға арналған операциялық нәтижелер бойынша дивидендтерге төлемеңіз», – деп жазылған хабарламада.

«Fincraft Group» – көппрофильді холдинг. Негізін қалаушы әрі акционері – Кеңес Рақышев. Компания көмірсутегі шикізатын өндіру, металл өндіру және өңдеу, стресс активтерді басқару, білім беру тәрізді бірнеше бағытта жұмыс істейді. 

Былтыр 9 айдың қорытындысы бойынша, 524,5 млн теңге шығынға ұшыраған. Ал 2023 жылдың қорытындысында компания 678 млн теңге шығынға батты.

Осы жылы наурызда Рақышевқа тиесілі Fincraft Group компаниясы нарықтан 20 млн доллар қарыз алмақшы екенін хабарлады.  Ол үшін бір жылдық купондық облигациялар шығарылымын дайындап жатыр

Сондай-ақ оқыңыз