Sony компаниясы бүгіннен бастап PlayStation 5 бағасын көтерді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
PS 5 бағасы қымбаттады / фото: shutterstock

Sony 14 сәуірден бастап әлемнің бірқатары елі үшін PlayStation 5 бағасын 11%-ға көтеретінін мәлімдеді. Жапон компаниясы бұның себебін инфляция жоғарылап, валюта бағамы құбылып тұрғанымен түсіндірді.

Reuters мәліметінше, енді PlayStation 5 Еуропа, Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландия және басқа да елдерде 11%-ға қымбатқа сатылады. Жапонияның технология және ойын-сауық конгломераты шығаратын дисководсыз PS 5 консолінің бағасы 449,99 еуроға (513,17 доллар) дейін көтеріледі.

Әлемде электроника өндірушілер АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген баж салығына байланысты әлемде сауда тәртібі бұзылуынан зардап шегіп жатыр.

Бұған дейін Nintendo сәуір айында Құрама Штаттарда саудаға шығады деп жоспарланған Switch 2 ойын құралынын сатуды кейінге қалдырған. Себебі компания сауда салығының ықпалын зерттеп жатыр.

Енді Switch 2 биыл 5 маусымда саудаға шыға бастайды.

Қазақстан нарығында PlayStation 5 консолінің бағасы 300 мың теңгеден жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз