2024 жылы Ұлттық банк жүйелерімен 1,5 квадриллион теңгеге төлем жүргізілді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық банк теңгені қолдау үшін валюталық интервенция жүргізуді бастады
Қазақстанда төлем жүргізу көрсеткіші 52%-ға артты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 1 487,4 трлн теңгеге төлем жүргізілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 51,7%-ға көп.

ҰБ мәліметінше, операциялар көбіне сағат 16.00-17.00 аралығында өңделеді. Операция күндері ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілетін операциялардың бір тәуліктегі орташа көлемі  – 5,9 трлн теңге. 

Былтыр ҰБ жүйелерінде бір төлемнің орташа сомасы 16,9 млн теңге болды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 27,4%-ға (3,6 млн теңгеге) жоғары.

2024 жылы төлем жүйелерінің жұмыс істеуге жарамдылық коэффициенті Ұлттық Банк белгілеген нысаналы көрсеткіштерден асып, 99,96% болды. Бұл ұлттық төлем жүйелерінің көпшілікке қолы жететінін, үздіксіз жұмыс істейтінін растайды.

Төлем жүйелері туралы мағлұмат

Қазақстан Ұлттық Банкі – Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) операторы. ҰБ осы төлем жүйелері арқылы ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыз