Lifestyle

Атырау – Баку тікелей рейсі ашылды

Air Astana Атырау – Баку бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерін іске қосады / Фото: kursiv.media архиві

Air Astana әуе компаниясы 31 мамырдан бастап Атырау – Баку бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді іске қосады.

Ұшу уақыты: Атыраудан Бакуге – 1 сағат 25 минут, кері бағытта – 1 сағат 35 минут.  Рейстер аптасына үш рет, яғни  дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.

KC277 рейсі (Атырау – Баку): дүйсенбі және сенбі күндері – сағат 18:30–18:55, сәрсенбі – сағат 21:35–22:00.

KC278 рейсі (Баку – Атырау): дүйсенбі және сенбі – 19:55–22:30, сәрсенбі – 23:00–01:35.

Билет бағасы қанша

Бару-қайту билетінің құны эконом-класта 96 527 теңгеден, ал бизнес-класта 278 681 теңгеден басталады. Қазақстан азаматтарына Әзербайжанға 30 күнге дейін бару үшін виза талап етілмейді.

Сондай-ақ Бакуге тікелей рейстер Алматы әуежайынан да қолжетімді. Жазғы маусымда рейстердің жиілігі аптасына үш ретке дейін артады.

Еске салайық, 2025 жылы Air Astana келесі жаңа бағыттар бойынша рейстер ашатынын хабарлаған болатын:

31 мамырдан бастап —  Астана – Нячанг (Вьетнам)

20 сәуірден бастап —  Алматы – Мумбай (Үндістан)

14 мамырдан бастап —  Астана – Дананг (Вьетнам)

  27 мамырдан бастап — Атырау – Тбилиси (Грузия)

28 мамырдан  бастап — Алматы – Ош (Қырғызстан)

1 маусымнан бастап —  Алматы – Франкфурт (Германия)

  4 маусымнан бастап — Алматы – Дананг (Вьетнам).