«НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Дина Таңсәрі желідегі парақшасында бейнежазба жариялады / Фото: kursiv.media архиві

«НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды. Оны елге қайтару бойынша өтетін сот ертеңге, яғни 15 сәуірге белгіленді. Бұл туралы Дина Таңсәрінің  телеграм арнасында жарияланды.

 Дина Таңсәрі ұсталарының алдында бейнежазба жазып үлгерген.

 «Мені жаңа ғана ұстап, Подгорица қаласының полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Соттың қандай шешім шығаратынын білмеймін, бірақ таңға дейін Черногория полициясында болуым керектігін айтты. Жалпы, ертең соттың не шешетіні белгілі болады. Не үшін ұстағаны маған беймәлім. Мені жай ғана сотқа жеткізуге болар еді, бірақ таңға дейін қамауда ұстағылары келіп отыр. Достар, қолдауларыңызды сұраймын. Мұның немен аяқталатынын білмеймін, бірақ мені экстрадицияламайды деп үміттенемін», — дейді ол «НеМолчи.kz» қорының Telegram-арнасында жарияланған видеоүндеуінде.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың желтоқсан айында Ішкі істер министрлігі NeMolchi.kz қоғамдық қорының басшысы Дина Тәңсәріге іздеу жариялады. Құзырлы орган қор басшысына қатысты 6 факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.  Атап айтқанда, қор басшысына қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері және алаяқтық бойынша екі іс қозғалған.

Айта кетейік, «НеМолчиKZ» қоры зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға құқықтық, ақпараттық және психологиялық көмек көрсетіп келді.

Сондай-ақ оқыңыз