
GAC концерні Қытайда Aion суббрендінің топтамасындағы жаңа Hyptec HL кроссоверін сата бастады. Жаңа модельдің бағасы — 269 800–319 800 юань немесе 19 миллионнан басталып, 22.5 млн теңгеге дейін барады. Бұл туралы Kursiv.media kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
GAC Aion Hyptec HL моделінің өлшемдері — 5126×1990×1750 мм, ал дөңгелек базасы — 3088 мм. Кроссоверді айрықша жарық оптикасы мен радиатор торының орнына диодтар орнатылған панелі ерекшелеп тұрады. Ол қарапайым анимация көрсететін функцияға ие. Сондай-ақ кроссовердің артқы тірегімен, дискілері де назар аудартпай қоймайды.

GAC Aion кроссовері қандай артықшылықтарға ие
Hyptec HL-дің ең қолжетімді электрлік нұсқасы артқы осьте тұратын 340 ат күшіне ие, айналу моменті — 430 Нм. 100 км/сағ жылдамдыққа 6,5 секундта жете алады. Толық жетекті нұсқада алдыңғы оське қосымша 177 аттың күшін беретін 240 Нм беретін қозғалтқыш орнатылған. Бұл динамиканы тағы 2 секундқа жақсартады. Жүріс қоры — 670, 700 немесе 750 км. Барлық электромобиль 800 вольттық архитектурамен жабдықталған. Батареяны 30%-дан 80%-ға дейін 10–15 минутта қуаттауға болады.

Гибридтің сипаттамасы базалық электрлі нұсқадағыдай және күштік құрылымында 1.5 литрлік бензинді мотор бар. Автомобиль 60.33 кВт⋅сағ CATL аккумуляторымен 350 шақырым еңсере алады, жалпы жүріс қоры — 1200 км. Мұндай Hyptec HL алғашқы жүздікті 7.5 секундта алады.
Ішкі көрініс: салонның ыңғайлығы
Жаңа модельдің салонындағы әр қатарға қосымша екі орындық орнатып, үш қатарлы қылуға болады. Дегенмен кроссовердің бес орынды нұсқасы да бар. Жолаушыға және жүргізушінің ыңғайлығы үшін тиісті жабдықтар да қарастырылған. Мәселен, массаж және жылыту жүйелері, тоңазытқыш пен 24 динамик бар.

Технологиялар мен Функциялар
Медиажүйе Snapdragon 8295P чипімен жұмыс істейді және 8.8 дюймдік аспаптар панелі, 17.3 дюймдік ортаңғы сенсорлы дисплей және өлшемі бірдей артқы жолаушыларға арналған экранмен жабдықталған. Дауыстық көмекші DeepSeek тілдік моделін пайдаланады. Көлік 11 камерамен, 15 түрлі радармен толықтырылған.

Hyptec бренді GAC портфеліне 2024 жылдың жазында қосылған болатын. Сол кезде компания Hyper атауынан бас тарып, ресми түрде Hyper Technology Life деген атауға көшті.