Жаңалықтар

Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен күдікті 13 күннен кейін ұсталды

Күдіктіге адам зорлады деген айып тағылған болатын / Фото: kursiv.media архиві

Алматы облысында сот залынан қашып кеткен күдікті 13 күннен кейін ұсталды. Оған адам зорлады деген айып тағылған болатын.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше,  күдікті 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен.  Полиция ер адамның Ақши ауылында ұсталғанын мәлімдеді.

«Оны іздеуге полицияның барлық күштері мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Сондай-ақ көршілес облыстардан да бөлімшелер тартылды», – деп нақтылады ведомство.

Ол арнайы жасақтың көмегімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

14 апреля 2025 г.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында ұрлық жасағаны үшін ұсталған күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен болатын.